Израильде көбі Трампты еврей деп есептейді және одан көмек күтеді деп жазады kp.ru.
«Қазір әлеуметтік желілерде израилдықтар мен американдықтардың арасында даудамай жүруде. Олар АҚШ-та өткен президенттік сайлау және оның нәтижесі еврейлерге қалай әсер ететінін талқылауда. Еврейлердің айтуынша «Еврей дегеніміз әкесі еврей адам емес, қанында еврейдің қаны бар адам». Олардың ойынша АҚШ сайлауында алғаш рет еврей жеңіске жетті. Енді Трамп американдық елшілікті Иерусалимге алып келеді деп есептейді.
Трамптың немерелері туралы айтатын болсақ, Иванка Трамптың бірнші әйелінен туған қыз. 2009 жылы ол Джареда Кушнерге тұрмысқа шықты. Оның ата-анасы Нью-Йорктегі еврей қауымдастығында кеңінен танымал ортодокстық иудейлер бұл некеге қарсы болды. Олар немерелерінің еврей болғанын қалады. Алайда, махаббат жеңіп Иванка тойдың алдында иудаизмді қабылдап, еврейлік Яэль есімін алған. Қазір Трамптың үш еврей немересі бар.
Иванка мен Джаред оның сайлау алды штабын басқарған және басты қарсыласы Хилори Клинтонды жеңуіне зор ықпал еткен. Себебі Трамп қызы мен күйеубаласының арқасында иудейлердің қолдауына ие болған. Хасид қауымдастығының 90% астамы Трампқа дауыс берген. Оның ішінде Нью-Йоркте бар.
Сайлау алдында твиттерде республикалықты «антисемт» деп айыптаған кезде, Кушнер қайын атасын жақтап, оның рассистте, антисемитте емес екенін айтқан. Қызымен кездесіп жүргенде оған көз жеткізгенін айтты. Қазір Джаред Трамптың көмекшісі.
Алайда Петр Люксимсонның «Үлкен трампиада» мақаласына оралсақ. Оны оқыған израильдықтар ғана емес, Ресейді де ойландырып тастайды.
«Маған Обаманы сағыну да, Дональд Трампты әспеттеуде жат. Соңғысын түсінуге болады. Себебі Обамадан басқа Израильге қауіп төндіретін президент болмайды. Ол антизраильдік позицияны ұстанды. Ашық түрде айтсақ, ансемитстік позиция. Ол Израильмен келісімді бұзған алғашқы президент қана емес, ең қауіпті антиизраильдік резолюцияны БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің дайындығынан өткен адамдардың бірі. Обаманың соңғы шешімі палестиндықтарға 221 млн. доллар беру болды. Иранда атомды бомба пайда болса, онда Обаманың есімі тұруы керек деген мәлімдемесі шынайы айтылды. Трамптан Израиль мен Ресейге жақсы қадам жасайды деп күтудің қажеті жоқ. АҚШ елшілігі Иерусалимге көшірілмейді. Егер Трамп Израильге американдық қолдауды БҰҰ қайтарып берсе бұл үлкен қолдау болушы еді» деп жазады Петр Люксимсон.
15 ақпанда Вашингтонда Трамптың израильдік премьер-министрі Б.Нетаньяхумен кездесті. Келіссөзге Джаред Кушнер де қатысты. Екі жақты мәселелер айтылды. Палестина мен Израиль қарым-қатынасы да талқыланды.
Аударған: Әсем Әлмұханбет