Егер табиғатпен етене жақын болғыңыз келсе, биіктігі 65 фут болатын ағашта орналасқан әйнек үй сізге арналған. Әйнек үй салу 2013 жылы алматылық сәулетші Айбек Алмасовтың ойына келген. Ал, инвестор жобаны тек осы жылы ғана мақұлдаған. Үйдің құрылысын 2017 жылы бастау көзделді, деп хабарлайды bnews.kz жаңалықтары.
«Кез-келген үйді салу үшін ағаштарды кесуге тура келеді. Ал, мен табиғатқа зиян келтірмейтіндей қалай құрылыс бастауға болатынын ойластырдым», - дейді Айбек.
2017 жылдың маусымында құрылысты бастау жоспарлануда. Ол үшін жас кәсіпкер бригада жинап жүр.
«Үй Алматының таулы аймағында орналасады. Және брондап қойған жағдайда, кез-келген адам үшін есігі ашық. Үйдің ең басты ерекшелігі 4 қабатты үйдің әйнегінен шыршаларға толы орманды тамашалай аласыздар», - деді жас сәулетші.
Айбек Алмасовтың айтуынша, жатын бөлмелердің орнына 4 адамға арналған демалыс бөлмелері салынатыны көзделіп отыр.
«Үйдің әйнектен жасалғаны қоршаған орта үшін қолайлы. Үйдің ішін күннің көзінен қуат алатын esla Powerwall аккумуляторымен жылытатын боламыз. Үйдің үстіңгі қабаты жаңбыр суын сіңіріп, тазартып отырады», - деп сөзін аяқтады Айбек.
Аударған: Гүлім ЖАҚАН
Пікір қалдыру