Ақын Ерлан Төлеубай «Саған келдім Атажұрт» атты ән жазды

/uploads/thumbnail/20170709213355511_small.jpg

Шеттен оралған этникалық қазақтар арасында патриоттық өлеңдерімен танылған ақын, журналист Ерлан Төлеубайдың «Саған келдім Атажұрт» атты әні жарыққа шықты деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Әннің сөзі  «Саған келдім атажұрт» атты өлеңі ақын Мұратқан Шоқан 2001 жылы 7 қазанда Атажұртқа оралғанда жазған.

«Саған келдім ата жұрт,
Қаңғырып келген ұл деме,
Тұяғы тозған тұл деме,
Қызығып келіп тұрғам жоқ,
Үлде менен бүлдеңе,
Саған қарай сүйрейді,
Қанымдағы бірлеңе!», - дейтін өлең жолдарындағыдай, ән Атажұртты аңсаған шеттегі қазақтардың Атамекенге, туған отанға деген махаббатын айшықтайды.

Әнді ерекше дауыс иесі, Алтайдың ар жағынан келіп, Алатаудың аспанын әнмен тербетіп жүрген Бибігүл Қилымханқызы орындаған.

Әннің тұсауы бүгін «Қазақстан» арнасының «Таңшолпан» ақпараттық сазды таңғы бағдарламасында кесілді. Бағдарламаға ән авторы Ерлан Төлеубай мен орындаушы Бибігүл Қилымхан қонақта болды.

Көпті жаңа әндерімен жиі қуантып жүрген Ерлан Төлеубай жаңа әні турасында: «Шетелдегі қай қазақтың болмасын Атажұртқа сағынышы – тәуелсіздік алған тұтса алғашқы боп жетіп, қазақ топырағына сәжде қылған Халифа Алтайдың, кешегі Мұстафа Өзтүріктердің сағынышынан кем емес. Мен де отау құра сала бесігімді Қазақ елінде, Ата топырағында тербетейін, ұрпағым елімен аралассын деп аңсап жеткен едім, бұл ән сондай сағыныштардың, тебіреністердің туындысы», - дейді.  Ерлан Төлеубайды халық ақын ретінде, композитор ғана емес, қоғамдық мәселелерді жиі жазып жүрген журналист ретінде де жақсы таниды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар