Бангладештік Абдул Самад Шейхті ауыл тұрғындары «Ағаш Самад» деп атап кеткен.

Самад тәулігіне 1 еуро үшін қарапайым рикшу болып жұмыс істейді екен. Ал, түнде ұйықтай алмайтын әдеті бар. Бірнеше жылдар бойы ұйқысыздықтан зардап шеккен Самад әр түнін ағаш өсімдіктерін егумен өткізеді. Бұл жайында ақпарат hibatulla.kz сайтында жарияланған.


Ол бүгінгі күнге дейін шамамен 17 532 ағаш отырғызған екен. ағаштарын ешкім кесіп алмас үшін ол тек мемлекеттік жерлерге егуге тырысады.
Хадисте: «Бір адам бір ағаш отырғызса, дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазады» делінген.