АҚШ-тан 3-рет депортацияланған мексикалық азамат Чапаррраль аталатын шекара пунктінде өз-өзіне қол жұмсаған деп хабарлайды qamshy.kz bbc.com ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
45-жасар Гваделупе Оливаса Валенсианы Мексикаға оралғаннан кейін жарты сағаттан соң суицид жасап есінен танып жатқан жерінен табылған. Ауруханаға бірден жеткізілген ол бірден тілге келместен сол жерде көз жұмды.
Куәгерлердің айтуы бойынша Валенсия суицид жасар алдында Мексикаға қайта оралғандығын қаламайтынын айтып, жер көкке айқайлаған. Азаматтың күйзелісте болғандығы анық байқалған. Мексика билік өкілдерінің мәлімдеуінше, Валенсияны АҚШ-тан 3 -рет депортациялаған.
Вашингтондағы миграциялық саясаттың қаталдануы аясында қабылданған шешімнің құрбаны болып отырған азамат Д.Трамптың «заңсыз мигранттарды депортациялау» мәселесі бойынша қуғындалған.
АҚШ тың ішкі істер қауіпсіздігі министрі Джон Келлидің мәлімдеуінде АҚШ өз кезегінде шекараны заңсыз түрде өткен адамдарды Мексикаға жіберуге құқылымы. Ал Мексика Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайды аяқсыз қалдырмайтынын мәлімдеді.
Гваделупе Оливас Валенсия Мексиканың Синалоа штатында дүниеге келген. Бұл штат өзінің есірткі тасымалдау мен пайдалану жиілігімен белсенділігімен танылған. Көптеген мексикалықтардың айтуы бойынша, олардың АҚШ-қа көшіп кеткісі келетін себептерінің бастысы өз отандарындағы жеке бас қауіпсіздігінің сақталмауы, зорлық пен зомбылықтың көп болуы, қылмыстық істердің жиі орын алуы болған.
25 қаңтарда Трамп АҚШ пен Мексика шекарасында елді заңдастырылмаған негізде кіретін босқындардан, есірткі тасымалдаудан қорғайтын қабырға салу туралы бұйрыққа қол қойған және аталған қабырғаның 2 жыл ішінде салынып бітетіндігі айылды.
Аударған:Назерке Мұса