Ақтөбе облысында адам саудасының құрбаны болған екі әйел құлдықтан құтқарылды деп хабарлайды sputniknews.kz. Оларды шаруашылық жұмыстарды атқарасыңдар деп алдап, құлдықта ұстаған.
Аталған аймақтың ішкі істер департаментінің мәліметінше, адам саудалады деген күдікпен Ақтөбе облысының бекет басшысы ұсталды. ҚР ҚК 128 бабы 2-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 53 жастағы бекет башысы екі әйелді құлдықта ұстауы мүмкін деген болжам бар. 44 және 29 жастағы Ақтөбе облысының тұрғындарын Хромтау ауданындағы жұмысқа алдап әкелген. Оларды жарты жылдан астам уақыт бойы жұмыс күші ретінде ұстаған.