Qamshy.kz порталы Димаш Құдайбергенов турасында әлем аузынан айтылған таңқалысты, сүйсінушілік пікірлерді назарларыңызға ұсынып отыр. Алпамыс Шаримов есімді продюссер өзінің инста парақшасында Димаш туралы әлемнің танымал тұлғалары айтқан пікірлерін жариялаған болатын.
Jonathan Erwin Malnoury (Франция): «Тамаша мінсіз дауыс. Айтылудағы қателіктердің барлығы түкке тұрғысыз болып қалды. Кеуде даусы мен регистрді қолдануы керемет!»
Ingrid Masseaux (Франция): «Адам нанғысыз.. Өзімді ұшып жүргендей сезініп тұрмын. Әлгі ән әлі ойымнан кетер емес».
Robin Williamson (Техас, США): «Хмм.. Кім екенін білмейді екенмін, шоуды да бұрын соңды көрмеппін. Бірақ.. Мына жігіттің диапозоны мықты екен! Осы диапозонды қалай қолданатынын айтсаңызшы!»
Isabelle Chauffeton Saavedra (Франция): «Мен мұны 4 рет көрдім. Дэниел Балавон жұмақта шығар... Мына жігіттің өзінің әнін тамаша орындап шыққанына мақтанып жатқан шығар. Арасында бір-екі сөзді дұрыс айтпағаны кімді қызықтырып жатыр? Қап, мына дауыс пен харизманы-ай!»
Carmen Fernandez Ansuategui (Испания): «Дауыс жүректерді жақындататын ең негізгі құрал. Диапозон кеңдігіне сөз жоқ».
Christin Orbst (Германия):
«Экстраординарлы. Егер біреу-міреу бұл әншіні танып, атын біліп жатса маған хабарын берсінші».
Ian Stewart (Великобритания):
«Адам сенгісіз! Үш рет тыңдадым,көрдім. Адам баласы мұндай дауысты иеленуі мүмкін бе? Диапазонының мүмкіндігі шексіз. Таланты зор».
Marcia Nikaydo (Бразилия):
«Бұл жарыс емес деген үміттемін. Басқа қатысушыларға обал ғой... Бір әншінің ішінде үш түрлі дауысты адам жасырынғандай».
Tuula Hastbacka (Финдляндия):
«Тамаша регистр, кең, таза, тональділігі, интерпретациясы керемет. Тамаша әнші».
Monica Reberg (Норвегия):
«Мен мына әнді 50 рет тыңдадым ғой деймін. Әр тыңдаған сайын денем түршігеді».
Назерке Мұса