Үндістанның жаға ұстатын тұстары

/uploads/thumbnail/20170709214436653_small.jpg

Үндістан әлемдегі ең әдемі елдердің бірі болып саналады. Аталмыш елдің дәстүрін, мәдениетін, тарихын әлем білсе де әлі күнге дейін сыры ашылмаған тұстары бар. Qamshy.kz Үндістан туралы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынады. 

Үндістанда 1000-нан аса тілде сөйлейді

Шай мен фильмдерімен танылған елде 1000-нан аса тілден бөлек диалектілері де көп. Саяхатшыға оларды түсіну үшін сөздік көмектеспейді. Диалектілер бір-біріне мүлде ұқсамайды.

Үндістанда өлім деңгейі өте жоғары

Үндістандағы адамдар көбіне жол апатында көз жұмады. Үндістандағы жол көлік қозғалысы өте қауіпті. Әсіресе қалаларда. Көліктер, мотоцикл, жануарлар мен велосипедтің арасынан өту үшін талант керек дерсің. Адамдар көлік апатында, автобустардағы адамның көптігінен тұншығып көз жұмып жатады. Білікті дәрігерлердің жоқтығынан жүкті әйелдер мен сәбилердің өлімі де көп. Сонымен қатар, аталған елде әлі күнге дейін жарына адал болмаған әйелдерді өлтіреді.

Үйлердің 53% су құбыры мен кәріз жүйесі жүргізілмеген.


Үндістандағы құлдық

Өкінішке орай, Үндістанда әлі күнге дейін құлдар бар. Құлдардың саны 14 миллион адамға жетеді. Ұзақ уақыт бойы билік аталған мәселеге көз жұмып келді. Жіті ойластырылмаған заң мен жемқорлық жайлаған биліктің арқасында аталмыш мәселеден арыла алмай келеді. Құлдардың көбі кедей, жұмыссыз әйелдер мен балалар. Оларды жезөкшелікпен және ауыр жұмыс істеуге мәжбүрлейді.  

Үндістанда адамның қайтыс болған күнін тойлайды

Үндістанда кеңінен таралған индуизм дәстүріне сай, адамның қайтыс болған күнін туыстары тойлайды. 12 күн бойы ішімдік ішуге және ет жеуге болмайды. Отбасы мен туыстары қабірдегі өмірі жақсы болсын деп тілеп, тойлайды екен.

  
Марихуана қосылған сүт коктейлі

Үндістанда ежелгі заманда марихуананы әртүрлі жағдайда қолданған. Қазір марихуананы қолдануға заң түрінде рұқсат етілген. Десек те, дін және дәстүрге қатысты шектеулер бар.
Үндістанда марихуананы сүтке, тамаққа қосады. Сонымен қатар, оны түрлі ауруларды емдеу үшін пайдаланады.  

 

Қатысты Мақалалар