АҚШ-тың бұрынғы көшбасшысы Барак Обаманы француз жанкүйерлері Франция президентіне үміткер ретінде көргісі келеді деп хабарлайды Qamshy.kz ABC News-ке сілтеме жасап.
Белсенділер "Obama17" деп жазылған Обаманың портретін Парижде іліп тастаған. Онда веб-сайтта көрсетілген. Ол арқылы Обаманы сайлауға қатысуға үгіттейтін петицияға қол қоюға болады. Белсенділердің басты мақсаты – 1 миллион қол жинау.
«Біз шетелдікті президент ретінде сайлап, әлемге демократия қандай болатынын көрсеткіміз келеді» делінген сайтта.
Алайда, Франция заңы бойынша аталмыш елдің президенті тек француз ұлтының азаматы бола алады.