НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170709215115367_small.jpg

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен "АТОМ" жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіков Нобель сыйлығына ұсынылды деп хабарлайды Qamshy.kz

Бұл бастаманы Швейцариядағы Базель қаласында орналасқан ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе көтеріп отыр. Бұл туралы Варе Facebook желісіндегі парақшасында жазған.

"Биыл мен ядролық қаруды жоюдағы ерен еңбегі үшін Кәріпбек Күйіковті және ҚР Президенті Назарбаевты Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсындым", - деп жазды ол. Сыйлыққа номинанттардың тізімінде Назарбаев пен Күйіков туралы ұсыныс шотландиялық саясаткер Билл Киддтен түскені айтылады.

Айта кетер болсақ, бұған дейін президенттер арасында  Нобель сыйлығын АҚШ-тың бұрынғы президенттерінен Вудро Вильсон, Джимми Картер,  44 президенті Барак Обама алған болатын.

Қатысты Мақалалар