Миллионнан аса оқырманы бар Лара Фабиан Димаш Құдайбергенді өз парақшасында құттықтады

/uploads/thumbnail/20170709215110219_small.jpg

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді I am singer байқауының 6-кезеңінде көрсеткен өнері үшін әлемге әйгілі опера әншісі Лара Фабиан өзі Facebook парақшасында құттықтады.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген байқаудың 6-кезеңінде «Adagio» әнін  орындаған болатын. Ал, «Adagio» әні әлемге Лара Фабианның орындауында танылды. Димаш Құдайбергеннің 6-кезеңде кқрсеткен өнерінің нәтижесі жеңіспен аяқталды.

«Adagio» әні барша әлемге танымал. I am singer байқауында өнер көрсеткен Димаш Құдайбергенді шын жүректен құттықтаймын, - деп лебізін білдірді әнші.

Бұдан біраз уақыт бұрын Лара Фабиан Димаштың өнеріне тәнті болып, кездесуге шақырғанын да айта кетейік. 

Қатысты Мақалалар