WBC президенті Маурисио Сулейман өзінің Тwitter парақшасында қазақастандық боксшы Генадий Головкин мен американдық Дэниэл Джейкобстың доппинг сынамасының нәтижесін хабарлады. Оған сай екі боксшыда да теріс нәтиже көрсеткен.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс қаңтар айында допингке тексеруден өткен. Екі боксшы 18 наурызда жекпе-жекке шығады. Ол Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында өтеді.