Еуразия экономикалық одаққа кіретін мемлекеттері халқының барлығының бірдей екінші азаматтығы болуы керек, деп хабарлайды minval.az, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
Мұндай ойды Ресей мемлекеттік Думасының проармениялық депутаты Константин Затулин тілшілерге сұхбат беру барысында айтты.
«Мен үнемі Одақтас мемлекеттердің ортақ екінші азаматтығы болуы тиіс деп ойлайтынмын. Ал дәл қазір ЕЭО құрамындағы халықтарға осындай азаматтықтың керек екендігін айтатын уақыт жеткен тәрізді. Еуро одақ азаматтығы деген секілді», - деп мәлімдеді депутат.
Константин Затулиннің айтуынша, бұл идеяны іске асыру арқылы ішкі келеңсіздіктер мен ЕЭО мүшелігіндегі елдердің позициясын реттеуге болады.
Өз кезегінде рсеейлік саясаткер Вадим Дубнов Армения билігі Мәскеудің кез келген ұсынысымен келісетіндігін атап өтті. Алайда, бұл ой – өлі идея. Ал Затулин кез келген ойды мақұлдай алуға құзіреті жеткілікті ресейлік тұлға.
«Осы тұрғыда мәселенің екі ұшы бар. Біріншісі Затулиннің жеке басына қатысты. Кез келген идеяны мақұлдай алатын арнаулы адамдар бар, ал Затулин солардың қатарында. Шын мәнінде Затулиннің Еуразиялық посткеңестік интеграциялық беделіне еш қауіп төніп тұрған жоқ, сол себепті де ол өз ойын еркін айтып, еркін сөйлей алады. Бұл бағытта белгілі бір мәселелер бар болуы мүмкін және де ол нәрсені шешуді Затулинге жүктесе керек», - деп айтады Дубнов.
Аударған: Назерке Лабихан