Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаева өзінің инстаграм парақшасында ағасы туралы жиі жазады. Одан ағасына деген сағынышты байқауға болады.
«Ағатайым сендей ақ көңіл, кең пейiл азаматты жаратқанына бiрiншi Аллаға рахмет айтамын. Екiншiден, ата-анамызга мың алғыс. Асқар таудай, жаныма жалау болар, ағалык қамқорлығыңмен аялаған, жүрегiмнiн әрбір соққан дүрсiлiнiң бiрi болған мақтанышым, қамқоршым, жүрегiмнiң жартысы. Ортамызга аман-есен тезiрек оралсаң екен жан ағам».

Сондай жазбаларының бірінде желі қолданушысы Бақытбек Есентаевтың қыздары Айсауле және Айарумен араласып тұрасыз ба деген сұрағына «жоқ» деп жауап берген еді.

Нағима Есентаеваның өзі ағасымен жақын қарым-қатынаста екен. Оның айтуынша түрмедегі ағасына рұқсат етілген күндері барып, телефонмен де хабарласып тұрады екен.

Нағима Есентаева ата-анасының ерте дүниеден озғанын және ағасы артынан ерген қарындасын бағу үшін көп еңбек еткенін айтады.