Үндістандық Кайлаш Сингх 1974 жылдан бері жуынбаймын деп шешім қабылдаған екен. Бұндай рәсім арқылы ұлды болатынына сенімді. Ол бір кездері дін қызметкерлерімен ақылдасып шешім қабылдағанын, сондай-ақ, олар Кайлаш Сингхқа жуынбай, әрі шашыңды алмай жүрсең ұлды боласың деп көндіргенін айтты.

Бүгінгі күні ең жағымсыз иісті адам ұзындығы 1,82 метр болатын шаңға қақталған шашымен өмір сүріп келеді. Осыған қарамастан, жеті қыздың әкесі атанды, бірақ ұлды бола алмады. Сонда да ерте ме, кеш пе, ұлды болам ба деген сеніммен Кайлаштың өз ұстанымдарынан бас тартар түрі жоқ. Өзінің жасы 66-да, әйелі 60-та, ерлі-зайыптылардың ұл тұрмақ, ендігі балалы болулары да екіталай. Алайда, ер адам келесі өмірде ғана денесіне су тигізетінін баса айтып отыр.

Кайлаш Сингхтың айналасына да үлкен кедергі туғызатыны анық. Суық климатты аймақта өмір сүрсе немесе үйінен шықпайтын адам болса жөн екен, бұл адам таңнан кешке дейін шаршағанша жұмыс істейді, мал жайылымында жүреді. 47 градус ыстық климатта өмір сүретін Кайлаш Стнгхтың жағымсыз иісі бүкіл ауылға жайылады.

Кайлаштың әйелі Калавати Девиге жұбайының жағымсыз иісіне үйрену үшін көп уақыт керек болды. Калайш Сингхты райынан қайтару үшін қолдарынан келгенінің бәрін істегендерін айтып отыр. Бір уақытта, отбасы Кайлашты өзенге лақтырып жібермекші болған екен. Бірақ, ер адам жуынғанша, өлгенін артық санап, қашып құтылады.
Кайлаштың айтуынша, бұндай әдіс оның гигиен ұстанған түрі екен. Ол әр кеште отпен тазарып отырады: марихуана шегіп, оттың айналасында Шиве құдайына жалбарынып билейді. Жағымсыз иісті жою үшін осының өзі жеткілікті дейді. Алайда, отбасы мен көрші-қолаң бұл ісіне түбегейлі қарсылық танытып отыр.