Қазіргі таңда Қазақстанда Халықаралық конфедерация кәсіподағы өкілдері жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды ktr.su. Оның басты міндеті елдегі кәсіподақ құқықбұзушылықтарды зерттеу. Оның ішінде бас хатшының орынбасары Яап Виннен, ВЕРС ХКК президенті және Грузия Конфедерация кәсіподағының басшысы Ираклйи Петриашвили, атқарушы хатшы Антон Леппик, Ресейдің еңбек Конфедерациясының президенті Борис Кравченко бар.
ҚР Тәуелсіз кәсіподақ Конфедерацияларына қысым көрсету және оның ұйымдасқан мүшелері ерекше назарға ілікті. Халықаралық конфедерация кәсіподағы қазақстандық кәсіподақ өкілдерімен, СІМ, Әділет Министрлігі, халықты әлеуметтік қорғау және еңбек Министрлігі, ҚР Бас прокуратурасымен кездесу өткізді.
«ХКК Қазақстанның демократиялы ел емес екендігін көрсету үшін 160-тан астам елді тартып, компанияны құруға дайын» деді Яап Виннен кәсіподақ белсенділерімен өткен кездесуде.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қаңтар айында соттың шешімімен ҚРТКК және оған кіретін кәсіподақтарды тарату туралы үкім шықты. Сонымен қатар, ҚРТКК төрағасы Нүрбек Құшақбаев және Oil Construction Company мұнай компаниясының көшбасшысы Амин Елеусіновке жалған айып тағылған. Тәуелсіз Конфедерация кәсіподағының төрағасы Лариса Харьковаға қатысты да жалған қылмыстық іс қозғалды.
ХКК Халықаралық еңбек ұйымына Қазақстандағы кәсіподақ құқығы бұзылып жатыр деген арыз дайындап жатыр. Яап Виннен ол басқа да ұйымдарға таратылатынын айтты.
«Екі аптаның ішінде біз әлем бойынша қарсылық акциясын ұйымдастырып, 100-ден аса елдегі Қазақстан елшілігінің алдында қарсылық акциясын өткізе аламыз және ол БАҚ кеңінен айтылып, жазылатын болады» деп мәлімдеді Яап Виннен.