Серік Сәпиевт Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты атанды, деп хабарлайды Қамшы порталы.
Бүгін, 28 ақпан күні, ҚР ОСК баспасөз қызметі «Нұр Отан» партиясының мүшесі Серік Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің мүшесі етіп тіркеу туралы шешім қабылдағанын хабрлайды.
Орталық сайлау комиссиясының шешімі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 46, 97-1 және 98-баптарына сәйкес «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі бюросының қаулысы негізінде қабылданды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Серік Жұманғалиұлы Сәпиевке ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының куәлігі мен төсбелгісін табыстады.