Ресей билігі 2016 жылғы сайлауға әдейі араласқаны ел арасында айтылып келеді. Ресей билігіне жұмыс істейтін Cozy Bear және Fance Bear атты хакерлік топтары Демокаратиялық партияның Ұлттық комитетінің сайтына енгені белгілі болды. Қазан айында Обама Ресейдің хакерлік компаниясының сайлауға әсер еткені жөнінде хабарлап, кінә артқан. Бұл жайында иносми.ру сайты хабарлайды.
Трамп сайлауда жеңіске жеткен соң, Трампқа көмектесті деген жаламен Ресей президенті Владимир Путин мен оның ұйымдастыру тобы талай тексерілген. 29 желтоқсан күні Обама әкімшілігі Ресейге қарсы санкция құрып, сайлауға қатысы бар деген күдікпен ұсталған 35 дипломат елден қуылды.
Алайда, Ресей өзіне тағылған айыпты теріске шығарды. Ал, Трамп болса Ресейдің хакерлік тобы жайында мәліметті мойындауына мәжбүр болды.
Қазіргі уақытта Демокаратиялық партияның Ұлттық комитетіне қарсы Ресейдің хакерлік тобы жөнінде айғақтар іздестірілуде.