«Кішкентай Трамп». Дональд Трамп фотошоп шеберлерінің ермегіне айналды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709215800551_small.jpeg

АҚШ президенті Дональд Трамп фотошоп шеберлерінің ермегіне айналды. Әлеуметтік желілерді «кішкентай Трамп» (#tinyTrump) жаулап келеді.

Президенттің кішірейтілген фото суреттері саясаткерлердің компаниясына жайғасқан. «Кішкентай» Трамп Владимир Путиннің қолын алып, Барак Обамамен тілдесті, «нағыз» Трамптың ұлықтау рәсімінде болып қайтты.

Сөйтіп, reddit сайтында жаңа мем пайда болды. Тіпті, сайтта «кішкентай» Трамптың жеке парақшасы пайда болды, онда адамдар өз фотошоптарын жариялай алады. Дональд Трамптың өзі бұл жайында хабардар болса да, түсініктеме бере қоймады.

Қатысты Мақалалар