Еңбек министрлігі зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін көбейтті

/uploads/thumbnail/20170709215823380_small.jpg

ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы мен жәрдемақыны көтеру мақсатында заңдар мен түзетулер енгізді.

Жасы үлкен кісілер мен жас аналарға нақты  қанша көлемде  жәрдемақы берілетіндігі есептелінді. Бұл туралы qamshy.kz хабарлайды, caravan.kz-ке сілтеме жасай отыра.

Бұл бұйрыққа елбасы қол қойып, алдағы шілденің 1-нен бастап қазақстандықтар зейнетақысы 20 пайызға өсетіні белгілі болып отыр. Минималды өтемақы соммасы 8 мың теңгені құрамақ.

Жалпы алғанда, орташа зейнетақы мөлшері бұрыңғыдай  55 мың емес 66 мың теңгені құрайды. Бала туу бойынша жәрдемақы құны 27 пайызға көбеймек.  Егер бұрындары әйел адамдар бірінші, екінші, үшінші балсы үшін 66 мың-нан аса жәрдемақы алған болса, жылдың ортасына қарай бұл сомма 86 мың-ға дейін барады деп күтілуде. Төртінші балаға және одан кейінгі балаларға 142 мың 947 теңге  жәрдемақы төленетін болады.

Бюджеттен осы төлемдерге арнайы  82 миллиард-қа жуық қаражат бөлінуі  қарастырылып отыр.  Зейнетақы мен жәрдемақыны жоғарылату екі кезеңде: қаңтар айындағы 9 пайыздық көтерілім мен шілде айынан басталатын негізгі көтерілім болып жүзеге асырылады. 

Қатысты Мақалалар