ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАСҚАРАСЫ ШЫҒЫП, ҰЯТТЫ БОЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170709215826522_small.jpg

 

Азиада-2011 қорытындысы бойынша Қазақстан 32 алтынды алып рекорд орнатқан еді. Мұндай көрсеткішке Азиада тарихында бірде-бір ел қол жеткізбеді. 2-ші орын алған Жапония спортшылары ол кезде тек 13 мәрте тұғырға көтерілді. Жапония, Оңтүстік Корея және Қытайды қосқанда үш ел 37 медаль алып, бір Қазақстанның көрсеткен көрсеткішіне жетпеді деп жазады camonitor.kz. Сыни мақала "Қамшы" порталының назарынан тыс қалмады. "Дос жылатып айтатынын" ескере отыра материалды қазақ тіліне аударып, оқырманға ұсынуды жөн деп таптық.
Алайда 6 жыл өткеннен кейін төртінші орынға сырғып кеттік. Азиада қысқы ойындардан мықты тек 4 ел барын ескерсек, біз ең соңғы орын алып отырмыз деп айтуға болады.  Біздің спортшылардың алған медалі екі есеге қысқарды. Оны мына кестеден білуге болады.

Азиада-2011 өтпес бұрын қазақстандық спорт басшылары алдыңғы шепте көріну үшін барын салды. Бірнеше уақыт өткеннен кейін жасаған «рекорды» өздеріне бәле болып жабысатынын білмеді де. Себебі өткен нәтижемен олардың келешектегі нәтижесін салыстарынын ескермеді. Енді міне сол сәт келді. Қысқы ойындар басталмас бұрын жарияланған «Азиада и азиатчина» мақаласында Азиада-2011 бағдарламасы туралы, Қазақстанда рекорттық көлемде алтын медальдарды алып беретіні турасында жазды. Оның болжамы дәл келді.

Сол кезде көбі мақала авторын басқа елдерде өз спортшыларына өз елінде  қолдау білдіретінін айтып,  отанға деген сүйіспеншілікі жоқ деп сынаған еді.

Азиада-2017 бағдарламасын қараңыз, онда олимпиадалық ойындарға барынша жақын. Оны өткізіп отырған ел одан ешқандай пайда табуды көздемегенін аңғаруға болады. Оған мына ақпарат дәлел.

Жапондықтар шаңғы қоссайысынан әлемде көш бастап тұр. Алайда Сары құрылықта оларға бәсекелес бола алатын ел болмағандықтан бұл спорт түрін Азиададан алып тастады. Дәл осы себеппен Саппорда әйелдердің трамплиннан секіру түрі болмады. Яғни қазақстандық ұйымдастырушыларға қарағанда олар Азия ойындарын әділ өткізді. Барлығы бірдей жағдайда бәсекеге түскенде ғана мықтыны анықтауға болады.  

Қазақстанның қоржынына түскен медальдардың көбін биатлонистер жеңіп алған. Олар жеті жарыстың, алытысында жеңіске жетті.

Мәнерлеп сырғанауды да алайық. Саппораға біздің екі көшбасшы спортшыларымыз Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева барды.

Денис Тен Саппорада сәтсіз өнер көрсеткеннен кейін спортшы көп жағымсыз пікір естіді. Тек бізде ғана спортшылар жеңіске жеткенде зор мақтанышқа ие болады да, жеңіліп қалса сынның астына қалады. Мәнерлеп сырғанауда көбі психологияға байланысты. Тіпті ең мықты деген спортшылардың өзі сәтсіздікке ұшырауы мүмкін.

Сонымен қатар, Элизабет Тұрсынбаеваның да қола медалін де асыра мақтаудың қажеті жоқ. Ол әлемдік рейтингте өзінен төмен тұрған екі спортшыны жіберіп алғанын ескеру керек.  

Жақында наурыз айында екі спорт түрінен әлем чемпионы өтеді. Олар – шорт-трек пен фристайл. Аталған спорт түрінен медаль алатын болармыз. Әзірше шаңғы жарысын бақылауға болады.


 

Автор: Жеңіс Байхожа

Аударған: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар