Венесуэлалық Адриан Солано Финляндияда өтіп жатқан шаңғы спортынан әлем чемпионатына қатысты. Ол мәреге қарсыластарынан 40 минут кейін келген. Себебі бұған дейін қарда шаңғымен жүріп көрмеген. Өмірінде қарды алғаш көрген спортшының қуанышын байқауға болады. Бұған дейін Адриан Солано Каракас көшелерінде дөңгелекті шаңғымен жаттыққан екен. Чемпионатқа өз қаржысымен ұшып келген венесуэлалық жолда талай қызықты бастан өткерген екен. Оны жолай босқынға балап, кейін қайтарып жіберуге шақ қалған. Ал Финляндияға жеткенде шаңғышының тамақ алып ішетін ақшасы да болмапты. «Бірақ қарды көремін деген арманына жетті» дейді телеарна тілшілері.
Спорт комментаторларының айтуынша Солано 6 шақырым жүріп өткен.Бұл оның басты жеңісі болып саналады.