Тұрсын Әмірбай. Үш арысқа

/uploads/thumbnail/20170709224118019_small.jpg

Ұзынағашта Қастандықпен өлтірілген үш азаматтың (Жарқынбек Долданұлы, Мұхият Зарлыханұлы, Қадылбек Әлемқанұлы) туысы Тұрсын Әмірбайдың «Қысқа ғұмыр» атты өлеңі.

«Құрметті ағайындар, қадірлі ел-жұртым, сіздерге малым біздің әулетімізде өте ауыр қайғылы жағдайды басымыздан өткіздік. Біз қайғырсақ сіздерде қайғырдыңыздар, көптеп көмектестіңіздер. Бұл істеріңізге Алла разы болсын. Мен осы үш азаматтың туыстары атынан Бастан аяқ көмектесіп іздескен, әр тұрлы көмек көрсеткен Жакулин әулетіне, түрлі әлеуметтік желідегі топтар мен қайырымды жандарға, Ақпарат құралдарына, Ұзынағаштағы барлық ағайын-туыс, жалпы ел жұртыма үлкен алғысымды білдіремін. Інілеріме арнап «қысқа ғұмыр» деп біраз өлең жаздым:

Жалғанда-жалған, жалған-ай, 

Жалғанда мұндай болған ба-ай. 

Қос Арыстан айрылып, 

Басыма қайғы орнады-ай. 

 

Есіме аламын еңіреп, 

Мұқият, Жарқын сендерді. 

Қапияда кеттіңдер, 

Зар жылатып еліңді. 

 

Аңырап Қалды ауылың, 

Әке-шеше, аға-бауырың. 

Жылай-жылай таусылды, 

Көздің жасы бауырым. 

 

Жылап қалды өз жұртың, 

Қайғы шекті ел жұртың. 

Халқыма мың-мың рахмет, 

Тоқтау айтты ел жұртым. 

 

Бұл жалғанның қиыны-ай, 

Қайғы түсті басыма. 

Жас кеттің қайыран Жарқынм, 

Отыз жеті мүшел жасыңда. 

 

Мұқиятым арысым, 

Келуші едің ауылға. 

Сәлем беріп тұрушы ең, 

Үлкен кіші бауырға. 

 

Айналайын Қадылбек, 

Ойнап күліп жүруші ең. 

Отырған жеріңді күлдіріп, 

Бір қуантып тұрушы ең. 

 

Анаңда кетті жарқыным, 

Ойлай-ойлай өзіңді. 

Құлақ салып тыңдаушы ет, 

Әрбір айтылған сөзіңді. 

 

Қалған аналар жылайды, 

Көздің жасын бұлайды. 

Амандық тілеп қайтадан 

Алладан иман сұрайды. 

 

Артыңда қалды аналар, 

Келіндер мен балалар. 

Дені сау болсын солардың, 

Орнында бар оңалар. 

 

Ойлаймын Жарқын, Мұқият 

Сол бір өткен күндерді, 

Ел аралап жол жүріп, 

Қайта қайтқан түндерді. 

 

Мұқиятым, жарқыным 

Күліп-ойнап жүруші ең. 

Қандай жағдай болса да 

Атылып алда тұрушы ең. 

 

Артымнан ерген сендер ең, 

Кім болар енді қасымда. 

Ойлаймын соны әрқашан, 

Алпысқа келер жасымда. 

 

Екі таудың арасы-ай, 

Қос өзеннің жағасы ай. 

Шейіт болған сол жерде 

Үш мұсылман баласы ай. 

 

Қазақ елі қайғырды, 

Үш арысынан айрылды. 

Мемлекет қолға алып, 

Дұшпанның қолын қайырды. 

 

"31 "арна "KTK "

Болды менің жанымда. 

Ақыл айтып әрқашан 

"Қамшы " жүрді қасымда. 

 

Еркін бауыр рахмет, 

Араластың бұл жұмысқа. 

Сотта жақсы соз сөйлеп, 

Бел шештің бұл қылмысқа. 

 

Қара жер басты қайғыны, 

Не шара бұл жалғанға. 

Енді аман бол ел жұртым, 

Мына қысқа заманда. 

 

Осыменен түгеді, 

Арман зарым тілегім. 

Аман болсын әрқашан, 

Халқыма соны тіледім. 

 

«Нұр отанға» рахмет, 

Жол көрсетті халқыма. 

Рахмет айтам әрқашан, 

Қара ормандай халқыма. 

 

Ата жұртқа келген қазағым, 

Аман болсын отбасың. 

Қайғы қасірет болмасын, 

Көбейе берсін бастарың. 

 

Тоқтау айтқан халқым-ай, 

Қазақтың жақсы салтын ай. 

Көмектесіп жүгірген, 

Рақмет айтам халқым-ай. 

Мұқият пен жарқынның кіші әкесі: Тұрсын Әмірбайұлы. 

2017. 3. 2

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар