Мектеп оқушысын джипп көлігімен әдейі келіп соққан бизнесменнің дауы депутаттарға жетті

/uploads/thumbnail/20170709231653390_small.jpg

Өткен аптада Ресейдің Ленинград облысы Приозерск қаласында ойнап жүрген баланы джипімен соғып, тізерлетіп отырғызып қойып тәрбиелемек болған ресейлік бизнесменнің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты. Қазір бұл мәселе Думадағылардың құлағына жетіп, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Baq.kz.

Оқиға 9 наурызда орын алған. Жол жиегінде екі бүлдіршін ойыншық қаруды өткен-кеткен көліктерге кезеніп, пластик оқ атқан. Кенеттен жүйіткіп келе жатқан қара джиптегі ер адам балалардың әрекетіне ашуланып, жол ережесін бұза-мұза, кері бұрылып, оларды қуа жөнеледі. Қос баланың ересектеуі кішісін үйге қарай қуып, өзі оңға қарай жүгіреді. Джиптегі ер азамат қаршадай баланы қуып жеткенімен қоймай, соғып құлатады. Ол аздай, көлігінен шығып, баланы қардың үстіне тізерлетіп отырғызып қойып, «тәртіпке салады». Ашуын шығарып болған соң, оқиға орнына тәртіп сақшыларын шақырған.

Келіп түскен қоңырау бойынша оқиға орнына жеткен полицейлер істің мән-жайын тексерместен жүргізушіні жібере салған. Дәл сол күні баланың жарақат алып, тәртіп сақшылары тиісті шара қолданбағалы жайлы телехабарлама түседі. Сондықтан осы қылмыстық істі қарастыру барысында полицейлердің әрекеті де жіті тексерілетін болады.

Баланы құқық қорғаушылардың қолына тапсырған соң оқиға орнынан тайып тұрған джип иесі кінәсін мойындап, полицияға өз еркімен берілудің орнына, бірқатар БАҚ-қа сұхбат беріп, осы әрекетімен баланы тәрбиелемек болғанын айтып ақталды. Тіпті, жол жиегіне ойнатып қойған ата-анасын айыпқа алды. Десе де, ер адамның баланы қорлаған қатыгез әрекеті көшедегі видеокамералардың біріне түсіп қалған.

Ресей Тергеу комитетінің басшысы кінәлі ер азаматты қамауға алу туралы бұйрық береді. Кеше күдікті қолға түсті. Ол жергілікті танымал кәсіпкерлердің бірі Владимир Бельский болып шықты. Оның үстінен бұзақылық туралы қылмыстық іс қозғалғды.

Енді бұл дау Думадағы депутаттардың құлағына жеткен. Осы мәселені талқыға шығарған депутат Ирина Ярова бұл іске тергеу комитетімен бірге бас прокуратураның да араласуын сұрады. Оның айтуынша, баланың балалық әрекетіне соншалықты ашуланған адамның ақыл-есі түзу емес.

«Оның бұл әрекетін бұзақылық деп қана емес, баланың денсаулығына қауіп төндірген қастандық деп бағалау керек», - деді депутат.

Бас прокуратура мен Тергеу комитетіне жолданған депутаттың сауалын мемдуманың спикері Вячеслав Володин де қолдады.

«Балаларымызды басып жатқанда, сіздер мен біздер құр қарап отырмауымыз керек. Бұл біздің балаларымыз», - деді спикер.

Қатысты Мақалалар