Үш жыл бойы іздеуде болған бүлдіршіннің денесі мектеп ауласынан табылды

/uploads/thumbnail/20170709231722062_small.jpg

Үш жыл бұрын Ресейдің Краснояр аумағында ұл-бала белгісіз себептермен із-түссіз жоғалып кеткен болатын, сол бүлдіршіннің мәйіті мектеп ауласынан табылды.. Оның денесі мектеп жанындағы өртке қарсы су жиналатын резервуардың ішінде үш жыл бойы жатқан, деп хабарлайды Рен.ТВ, мәліметтің қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады.

Бала үш жыл бойы іздеуде болған 9 жастағы Константин Черновтың мәйіті15 наурызда табылды. 2 сынып оқушысы 2014 жылдың желтоқсанында сағат 15:00 шамасында мектептен шығып, үйіне оралмаған. . 

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр. 

Табылған бала мәйітінің нақты Константин Черновтікі екенін анықтау үшін оның денесі молекулярлық-генетикалық сараптамаға жөнелтілді.
 

Қатысты Мақалалар