Өткен заманның құпиясы ашылмаған жұмбақ фотолары (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709232325005_small.jpg

Уақытқа саяхат турасында көптеген фантастика жанрында қалам тербеп жүрген жазушылар түрлі шығармалар жазды. Солардың бірі Герберт Уэллстің «Машина времени» романы. Аталған кітаптың жарық көргеніне 100 жылдан асса да болашаққа немесе өткенге саяхат жасау мүмкіндігі адамдар үшін маңыздылығын жоймаған.

 

Көптеген адамдар сарғайған фото суреттерден және ескі фильмдерден жұмбақ адамдарды сол заманға сай емес аппаратурамен байқап қалатын сәттер болады. Солардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз.

 

1938 жылы шыққан фильмде ұялы телефон ұстап келе жатқан әйелді байқап қалған. Ол уақытта сымсыз телефондар болды ма деген сұрақ туындайды.

1995 жылы түсірілген Марк Тайсонның жекпе-жегі кезінде көрермендердің ішінде қазіргі смартфонға ұқсайтын құрылғыны ұстап отырған адамды байқауға болады. Ал камерасы бар телефондар тек 5 жылдан кейін ғана сатылымға шықты.

 

Ал мына фотодағы ер адамның киім кию стилі сол кездегі адамдарға ұқсамағаны былай тұрсын, оның қолында кәдімгі фотоаппаратты байқауға болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар