Қытай жобасын арнамыздан көрсету арқылы біз Қытайға есігімізді ашамыз

/uploads/thumbnail/20170709232313021_small.jpg

Елімізге белгілі журналист, тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы жуық арада "Мен әншімін" байқауын отандық телеарналардан көрсетілуіне қатысты өз пікіріні Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялапты, деп хабарлайды "Қамшы". 

"Димаштың Қытайда өтіп жатқан "Мен әншімін" жобасын "Хабардан" көрсетеді деп, сүйіншілетіп болдыңыздар ма? Жә, менің де айтарым бар, ендеше...
Құдайым-ау, бұл "Хабардың" қай сасқаны? Төрелігін айтыңыздаршы өздеріңіз?! 
Сонда бәріміз ендігі барлығын итеріп қойып, қытайлардың шоуын көреміз бе? Қытайлар бұл жобаны әрине тегін беріп қоймайды отандық арнаға? Сонда миллиондаған қаражатқа өтіп кеткен жобаны сатып алмақ па? Бұл жоба жақын күндері аяқталады. Түк түсінбедім. 
Димашты әлеуметтік желіде қолдаушы журналистердің бірі өзіммін. Жеңіп шықсын деп әр апта сайын Құдайдан тілеп отырамын (оған өздеріңіз де куәсіздер). Алайда, бұл жобаның отандық арнада көрсетілуіне үзілді-кесілді қарсымын! Не десеңіздер, о деңіздер...Иә, мен қарсымын! 
Бұл жоба арқылы біз Қытайды насихаттаймыз. Кезінде Ресей мен Украинаның шоуларын көрсетіп әлек болып еді еліміздегі арналар, енді қалмағаны Қытайдың жобасы... 
Димаштың 8 кезеңін, Youtube аман болсын, сол жерден көріп қойдық қой. Егер "Хабар" соншалықты Димашты қолдағысы келсе, миллиондаған қаражатқа дәл осындай мега-жоба ашсын! О несі, барлығы сүйіншілетіп Қытайдың өтіп кеткен жобасы отандық арнадан көрсетеді деп шулап.
Ойланыңыздар, әріптестер, ойланыңыздар! Бұл жоба арқылы біз Қытайға есігімізді ашамыз. Онсыз да қазақ қыздары Қытайдың жігіттеріне күйеуге тиіп, бала туып жатқанында бұл жоба оларға тиімді болмақ. Телеарна арқылы оларды насихаттаймыз. Қалайша осыны түсінбейді? Сонда қытай әншілерінің қиқулатқан әнін бір сағат бойы біздің Қазақ халқы көру керек пе? Қай мемлекетті көрдіңіздер өзге елдің осындай шоуды сатып алып жатқанын?! ҰЯТ!!! МАСҚАРА!!!
Қуансақ, Қазақ баласының сол жобада сынақтан өтіп, дауысын әлем тыңдағанына қуандық. Бояушы, бояушы дегенге біздің арналар осы сақалын бояп бара жатқан жоқ па? Парадокс...
Сондықтан да, өз басым қарсымын!" - дейді Бибігүл Дәулетбекқызы.

Естеріңізге сала кетсек, Қытай елінде өтіп жатқан "Мен әншімін" жобасына жалпы жұртқа танымал әнші Димаш Құдайбергенов қатысып, ақтық мәре, яғни финалға жолдама алған болатын. Димаштың өнерін қазақ халқы тек интернет арқылы тамашалап жүрді. Ендігі кезекте сол жобаны "Хабар" арнасынан көрсетеді деген ақпарат тарап, оған қатысты әлеуметтік желі қолданушылары өз пікірлерін білдіріп жатыр. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар