Димаш құдайберген Қытайдың Weibo арнасына сұхбат берді. Қытайдың I am singer байқауының әр кезеңінен сүрінбей өтіп, финалға өткен отандасымыз бүгінде барша әлемге танымал жұлдызға айналды. Сұхбат барысында I am singer байқауына қалай дайындалғаны, әндерді орындауда неге баса мән бергенін айтты.
«Қытай тілін білетін адамдар үшін әр сөздің мағынасы бар болса, мен әннің толықтай мағынасын білсем де, әр сөздің мағынасын жете түснбеймін» деп қытай тілін үйрену керек екенін айтты.
Еске сала кетейік, байқаудың 8-кезеңінде Димаш Хан Хунның «Таң атты» әнін тамағы аурып тұрғанына қарамастан, жоғары деңгейде орындап шыққан болатын. Оған барша көрермен куә. Бұл жайында да өз пікірін білдірді:
«Денсаулығыма алаңдап жатқан жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Сахнаға шығар алдында арнайы екпе жасаттым. Ол екпенің күші 10 сағатқа ғана әсер етеді. Алайда, ауырып тұрсам да фонограммамен ән айтқым келмейді. Халықтың алдында барынша шын бейнемді көрсеткім келеді», - деді Димаш сұхбат барысында.
Пікір қалдыру