Солтүстік Қазақстан облысы Наурызды дүркіретіп тойлады

/uploads/thumbnail/20170709233516673_small.JPG

Мақаланың орысшасын мына жерден қараңыз

Солтүстік Қазақстан облысы Наурыз мерекесін тойлауды Мағжан Жұмабаев көшесінен бастады деп хабарлайды Qamshy.kz.

Алаш арысы Мағжан Жұмабаев атына берілген көшеде «Қазағымның киіз үйі» атты киіз үй қалашығы бой көтерген. Сондай-ақ, «Наурыз достық пен бірліктің берекесі» атты мерекелік театрландырылған концерт өтіп жатыр.

Қуаныш мерекесімен халықты құттықтауға Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың өзі арнайы келген. Ол халық алдында Наурыз мерекесінің рухани құндылығы миллиондаған адамдары біріктіріп, берекесін арттыратынын баса айтқан.

«Бұл мереке этникалық және діни сенім ерекшеліктеріне қарамастан барша қазақстандықтардың мерекесі» деген Құмар Іргебайұлы облыс тұрғындарына зор денсаулық, бақыт пен береке тілеген.

Ал, Конституция көшесінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы өкілдері 15 метрлік достық дастарханын жайған.

Одан бөлек Құмар Ақсақаловтың бастамасымен Қызылжардың 30-дан астам көпқабатты үйінің ауласында Наурыз дастарханы жайлып,  халыққа наурыз көже берілген. Мысалы Болатбаев 4 үйінің ауласында 200 адамға наурыз көже берілген. Қала мен облыс тұрғындары асқақ мерекелік көңіл-күйге ие болып, мерекені тойлап өзара тілек айтысып жатыр.

Қатысты Мақалалар