Наурыз мерекесі қарсаңында әлемдік іздеу желісі Google арнайы дудл шығарды деп хабарлайды Qamshy.kz.

Айта кетсек, Google-дің мерекелік логотиптері дудл деп аталады. Дудл деген не? «Doodle» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «шимай жазу» деген мағына береді. Ең бірінші дудл 1998 жылы «Burning man» фестивалінің құрметіне жасалған болатын. Ларри мен Сергей оны егер сервер жұмыс істемей қалып не болмаса телефонға ешкім жауап қатпаған жағдайда олардың жұмыс орнында жоқ екендігінен қолданушыларды хабардар ету үшін жасап шыққан. Ал бүгінде мұндай логотиптер қолданушыларды мейрам, танымал адамдардың туған күндерінен хабардар етеді.
Google компанисы соңғы бірнеше жылда Қазақстандық сервисіне Қазақстанның тәуелсіздік күндері де арнайы дудл ұсынып келеді.