Шіркеуге экскурсияға келген мектеп оқушылары жын шығару процесіне куә болған (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709234613089_small.jpeg

Шіркеуге келген мектеп оқушыларына адамнан жын шығару процесін көрсеткен. Бұл туралы qamshy.kz Вести.Ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейдің Свердловск облысындағы гимназия оқушылары әйелдер монастырыа саяхат жасамақшы болып экзорцизм (жын шығару) процесіне куә болған.

Белгілі болғандай Сергей әкей мұндай процестерді күнде таңертең өткізеді екен.  Бұған тіпті 4-сынып оқушылары да куә болған.

«Оларға 12 жасар қыздың бойынан шайтанды шығару процесін көрсеткен. Шіркеу қызметкері одан жынды шығарған. Қыз еркек дауыспен айқайлап, шыңғырды. Осының бәрі мониторларда  көрсетілген. Балалар ештеңе түсінбей, қатты қорқып қалған. Сонымен бірге, балаларға ешкім мұндай жағдайдың орын алу мүмкіндігі туралы да жақ ашапаса керек»- дейді оқушылар ата-аналарының бірі.

Видеода нақты кадралар жоқ, себебі дәл сол процесс орын алған уақытта видео түсіретін мүмкіншілік болмаған. Алайда балалар жазып алған аудиодан бұл процестің қалай өткенін естуге болады.

Ал, Екатеринбург епархиясының қызметшісі, бұл мәселе төңірегінде, мұндай жағдай балалардың рұқсатсыз сол жерге кіріп кетуі себебінен орын алып отырғандығын жеткізді.

Христиан шіркеулерінің тәртібіне байланысты, ішіне жын кірген адамадар осы сынды шіркеу, монастырьларға көмек, жәрдем іздеп келеді. Көп жағдайда ондай адамдарға дәрігерлер көмек көрсетуге шарасыз. Среднеуралдық әйелдер монастыры орман ішінде, адамдардан аластатылған жерде орналасқан. Онда көп адамдар емделуге келеді. Жын шығарушы қызметкерлер жеке арнайы бөлмелерде осы процесті жүзеге асырады. Және бұл бөлмелер жабық, онда ешкім кіргізілмейді деген пікірлер айтылды.

«Егер онда шын мәнінде жын шығару процесі өткен болса, ешқандай экскурсия туралы сөз болуы мүмкін емес»-дейді Вильям Шмид есімді профессор.

Жапа шеккен адамадар болса қандай да бір  сұхбат беруден қашқақтап отыр, «Екатеринбург-Париж» мектебінің басшылары да ешқандай пікір білдіргілері келмеген.

Қатысты Мақалалар