«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсы өтеді

/uploads/thumbnail/20170709235152124_small.jpg

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ тіліндегі контентті арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын өткізеді деп хабарлайды qamshy.kz.

Конкурс төрт номинациядан тұрады:

            1) «Үздік мақала»;

2) «Үздік телеарна бағдарламасы»;

3) «Үздік радио бағдарламасы»;

4) «Үздік сайт мақаласы».

4. Конкурсқа мемлекеттік тіл және оның дамуы туралы мақалаларды жариялаған (бағдарлама құрастырған) журналистер қатыса алады.

Көрсетілген төрт номинацияның біреуі бойынша өтінімді Комитетке 2017 жыл 15-шы мамырға дейін мынадай құжаттармен беріледі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтінім (осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша);

2) 2016 жылғы 10 маусым мен 2017 жылғы 15 мамыр аралығында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген үш материалды, соның ішінде радио және телебағдарламаларды, мемлекеттік тілдегі сайттардағы, мерзімдік баспасөздегі жарияланған мақалаларды;

3) мақала жарияланған газет-журналдар, сайттардың скриншоттары, бағдарламалардың DVD дискідегі жазбасы, «Word» форматындағы электрондық нұсқасы;

4) ұсынылған материалдардың (сілтемелерінің) «Tilalemi.kz» порталындағы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» айдарына орналастырылғандығын растайтын құжат (скриншоттар).

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Конкурсқа ұсынылатын материалдар 2017 жылғы 15 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мекенжайына жолдануы тиіс. 

Қатысты Мақалалар