Қазағым, осы шығар тектілігің,
Қуанып мақтанатын жетті күнің.
Ең үздік Азияның әншілері,
Димашқа жанкүйер боп кетті бүгін!
Әлемнің іші бізге тарылуда,
Шақ тұр-ау сол іштері жарылуға.
Қытайдың арқасында емес Димаш,
Құдайдың арқасында танылуда.
Әлі де жеңісті күн туар ғажап,
Ол үшін қолға енді ту ал, Қазақ.
Құлағын Азияның шуылдатқан,
Осындай бір ұлың бар қуан, Қазақ!
Саят Әбенов