Қанат Исламның жекпе-жегі Астананың қай спорт кешенінде өтетіні белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170709235750411_small.jpg

9 қыркүйекте Астанада кәсіпқой бокс  кеші "Сарыарқа" велотрегінде өтеді. Бұл туралы Қанат Исламның PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

Айта кетейік, аталмыш спорт кешенінің сиымдылығы 10 мың адам. Жекпе-жекті тамашалауға 13 мың адам келеді деп күтілуде. Сондықтан, ринг айналасына 2-3 мың орындық қоюға болатыны да ескерілген.  Жекпе-жек алдында 3 баспасөз маслихаты және ашық жаттығу өтеді.

«Әріптестер сұрақтарын жекпе-жектің қызуы басылмай жатып қойып қалуы үшін, жекпе-жек бітісімен Сарыарқа велотрегінің баспасөз залында боксшылардың қатысуымен ресми баспасөз маслихатын жасаймыз. Ал жекпе-жекке билет шамамен 1-ші тамызда сатылымға шығады. Бағалар қолжетімді болады» деп жазды Берік Сұлтан.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген боксшы Қанат Ислам жұдырықтасады. Қанат Исламның PR менеджері еліміздің мақтанышы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменов те осы бокс кеші аясында жекпе-жек өткізетінін айтты. Сондай-ақ  басқа да кәсіпқой боксшылармен келіс сөздер жүргізілуде.
 


 

Қатысты Мақалалар