Өкінбеймін, енді мен, өкінбеймін,
Мүмкін болса, бар бақытты тілеймін.
Аспандағы, ақ бұлттарға, беремін,
Бар мұңымды, сол бұлттарға, төгемін.
Жеткізсе екен, ақ тілекті, тек саған,
Бақытты бол, бақыт тапсаң, бұйырған.
Күш қуатым, болып едің, сен маған,
Бой тұмардай, көңілімде сақтаған.
Шөлдедім-ау, мен ыстықтың астында,
Жалғыз қалып, мынау тағдырмен шайқасып.
Сен болғанда, осындайда, қасымда,
Қалмас едім, мен осылай, адасып.
Жарық іздеп, қараңғыда қалғандай,
Таба алмадым, маған керек, жолымды.
Махаббатым, жетім болып қалғандай,
Енді қалай, өзін-өзі қорғайды?
Таба алмадым көлеңкені, енді мен,
Жан жағымнан, саусалдаған, ыстық жел.
Күйдірдің-ау, өкінбейін десем де,
Әр соғысы жүрегімнің, шақырады кел.
Кел десем де, келмейсін ғой, білемін,
Екі жаға, бір өзеннің, қосылмас.
Тырыссамда, бірақ жақсы көремін,
Болдым-ау, болдым-ау, махаббатқа мас.
Ризамын ғой, сонда да мен сезімге,
Талай биік, қиялдарға ұшырған.
Кінә тағу, жоқ ойымда, ешкімге,
Тағдыр шығар, бұйырған, осылай бізге.
Жоқ, өлмесін махаббат, бола берсін,
Мәңгілік пен, жарассын, әркімдерге.
Ақтықпенен, пәктікке, әркім жетсін,
Бұлт түспесін, жарқыраған көңілге.
Тілек тілеп, қалармын мен, сағынып,
Шын сезімде, жүрек жылап жатса да.
Амал қанша, қалармын мен, бағынып,
Өмір деген, осы заңға, мұңы менен батса да.
Авторы: Айгүл Сағымбайқызы