Samsung компаниясы кезекті жаңа смартфондарын таныстырды. Samsung-тың жаңа флагманы екі түрде шықты - Galaxy S8 және S8+.
Жаңа смартфондардың ерекшелігі - олардың дисплейінің жақтауы жоқ. S8 телефонының экранының диагоналі 5,8 дюйм болса, S8 Plus смартфонының диагоналі - 6,2 дюйм. Ал дизайны екі модельде де бірдей. Смартфондардың фото-суреттері ғаламтор беттерінде бұрынырақ шығып қойған.

Екі смартфонның да экранының екі шеті иілген. Сондай-ақ, бұл смартфондардың панелінде навигациялық клавиштер болмайды., олар тек шынының астында тұрады екен. Ал саусақ іздерінің сканері смартфонның артқы қақпағына ауыстырылған.
Бұл ашылу Samsung компаниясы үшін үлкен бастама болды.
Ерекшеліктеріне нақты тоқталып өтсек:
Корпус
Galaxy S8-нің екі түрі де металл рамасымен қапталған әйнектен жасалған. Әйнек ұстауға ыңғайлы болу үшін екі жағынан сәл иілген. Бұндай ерекшелік Galaxy Note 7 смартфоны үшін де жасалған.
Компанияның сегізінші буыны экрандағы сенсорлық басқару түймелерінен бас тартып отыр. Есесіне, экран диагоналінің көлемін арттырып, рама көлемі кішірейді.
Алайда «Үйге» түймесінен бас тарту саусақ сканері үшін жаңа орын табуға тура келді. Оны панельдің артқы бөлігіндегі камера модулінің оң жағына қарай орнатты.
Ал сол жақ бөлігінде Bixby қалта көмекшісіне қоңырау шалу үшін қосымша түймесі болады. Ерекшіеліктері осылар ғана. Ал қалған бөліктерінің дизайны адамдарға таныс.
Galaxy S8-нің корпусы IP68 стандарты бойынша қорғалады. Корпусқа шаңның енуінен, сондай-ақ тереңдігі 1 жарым метр болатындай су астында жарты сағатқа дейін төзімділігін сақтайды.

Экран
Galaxy S8 и S8 Plus экрандары биіктігі жағынан кеңейтілген. Бұндай үлкен диагональ ені жағынан iPhone 7 Plus-тан да 4 мм дейін кіші болатынын көрсетеді.
Дәстүрлі түрде жаңа Galaxy Super AMOLED дисплейін қолданады. Экранның басым бөлігін экрандағы басқару түймелері алады. Алайда мультимедиялық қолданылымдар мен ойын ойнау барысында ол түймелер көрінбе тұрады.
Galaxy S8 смартфонына Exynos 8895 және Snapdragon 835 сынды екі түрлі процессор орнатылады.
Оперативті жады 4 ГБ құрайды, алайда, кейбір нұсқаларға сүйенсек 6 ГБ. Ал смартфонның өзінің жады 64 ГБ-ты құрайды. Сондай-ақ, microSD карта-жады үшін қосымша слот бар.

Камера
Негізгі және фронтальді камерасы бұрынғы қалпында қалады – 12 және 8 Мп. Екі объектив үшін жарық күші барлық смартфондардікіндей f1.7.
Galaxy S8 камераның жаңа Sony IMX333 модуліне ие. Sony Xperia XZ Premium смартфоны секілді жаңа Galaxy секундына баяу қозғалысты видеомен 1000 кадр түсіре алатын күші бар.
Сонымен қатар, жаңа гаджеттерде көздің сыртқы қабығының сканері адамды қараңғы бөлменің өзінде оның беті арқылы танитын функцияның болатыны айтылады.

Samsung компаниясындағылардың айтуынша, S 8 смартфонының аккумуляторының сыйымдылығы - 3000 мАч, ал Plus нұсқасының сыйымдылығы - 3500 мАч. Сондай-ақ, смартфондардың сымсыз қуат алатыны және IP68 стандарты бойынша су мен шаңнан қорғалғаны айтылады. Және де тұңғыш рет Galaxy S8 смартфонында Bixby дыбыс көмекшісі орнатылған екен.
Сатылымға 21 сәуір күні АҚШ-та шығады. Кіші моделінің бағасы – $ 750-ден басталса, ал Galaxy S8+ $ 850-дан жоғары.