Бақытжан Сағынтаев озық агротехнологиялармен танысты

/uploads/thumbnail/20170710000753826_small.jpg

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына келді. деп хабарлайды qamshy.kz

Б. Сағынтаевтың жұмыс бағдарламасында өндірісті технологиялық жаңғырту және цифрландыру мәселелері бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардың ұжымдарымен, сондай-ақ нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу мәселелері бойынша облыс жұртшылығымен кездесулері жоспарланған. 

Сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған ірі инфрақұрылымдық, білім беру және медицина нысандарын аралайды деп жоспарланған. Сондай-ақ Премьер-Министр «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй нысандарының құрылыс барысымен танысады. 

Айта кетейік, Ақтөбе облысының Қазақстан үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық маңызы зор, өйткені ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес мұнда ауқымды агломерация дамып, заманауи урбанистік орталық құрылады. Сонымен бірге, облыста бірқатар ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық кәсіпорындар орналасқан.

Еске сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі Қазақстан өңірлеріне жұмыс сапарын жалғастыруда. Жоспарланған кестедегі бірінші облыс Шығыс Қазақстан облысы болды. Бүгін Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысында болды, ендігі Ақтөбе облысына келді.

 

Бақытжан Сағынтаевты Ақтөбе облысындағы озық агротехнологиялармен таныстырды

 

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі аса ірі жылыжай кешендерінің бірінде болды.

Нысанды аралау кезінде ҚР Премьер-Министрі газ-турбиналы станса жұмысымен, көкөністерді өсірудің голландиялық технологиялары қолданылатын жылыжай ғимаратымен танысты, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтар көрмесі Премьер назарына ұсынылды.

Голландиялық технология бойынша салынған «Грин Хаус Қазақстан» кешені өз жұмысын «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырады. Жобаның жүзеге асырылуы өз өндірісі есебінен облыстың жас көкөністерге деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ артық өнімді экспортқа жіберуге мүмкіндік береді.

Премьер-Министрге экспортты ұлғайту жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу деңгейін арттыру, суарылатын жерлерді қалпына келтіру, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында ғылымның дамуы туралы баяндалды.

Айта кету керек, АӨК-тің дамуы еліміздің жақын болашақтағы басымдықты бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Осы орайда 2017 жылдан бастап Үкімет 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ті дамытудың жаңа Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды бастады, оның басты мақсаты жиналатын өнімді арттыру және сала кәсіпорындарының қайта өңдеу, жүктелу үлесін көтеру болып табылады.  

Қатысты Мақалалар