Техника, қару-жарақ пен қорғаныс құралдарының жаңа үлгілері таныстырылды

/uploads/thumbnail/20170710000805592_small.JPG

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторлары И.Адырбеков, М.Алтынбаев, Н.Әбіқаев, С.Жақсыбеков, Л.Қиынов, Г.Ким және Шымкент қалысының әкімі Жақсылық Түймебаев мемлекет және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Шымкент қаласында орналасқан 6506 әскери бөліміне арнайы іссапармен келді деп хабарлайды qamshy.kz Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

         Кездесу барысында ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Қайрат Ақтанов және оның орынбасарлары, сондай-ақ 6506 әскери бөлдімінің командирі Жамбыл Құлбаев  депутаттарды 6506 әскери бөлімінің жауынгерлік қызметі және әскердің жеке құрамына жүктелген құқық қорғау міндеттері туралы, сондай-ақ әскери құрылымды одан әрі дамытудағы келешекте атқарылатын істер жайында хабардар етті. 

Іссапар барысында сенаторларға техниканың, қару-жарақ пен қорғаныс құралдарының жаңа үлгілері, сондай-ақ Ұлттық ұланның жетілдірілген жаңаша әскери киім үлгілері таныстырылылды.

Әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысқан Дариға Нұрсұлтанқызы бастаған жұмыс тобы 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында болған қақтығыста ерлікпен қаза тапқан Ішкі әскердің жаужүрек 17 жауынгерінің ескерткішіне тағзым жасады.

Іс-шара соңында депутаттарға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен құрылған «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері жауынгерлік әдіс-тәсілдерден қойылымдар көрсетті. 

Қатысты Мақалалар