Қорық-музей аумағында жеміс-жидек ағаштары отырғызылды

/uploads/thumbnail/20170710001005797_small.JPG

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайына қарасты Гауһар Ана кесенесінің айналасына жеміс-жидек ағаштары отырғызыла бастады. Кесене аумағында алма, алмұрт, шие және өрік ағаштары жеміс беретін болады.

Жергілікті тұрғындар тарапынан берілген 70 түп көшет аумақтың тынысын кеңітіп, ауасын тазартпақ. Гауһар Ана кесенесінің аймағында абаттандыру көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта әлі де жалғасын таппақ. 

 

Қатысты Мақалалар