Оңтүстік Корея соты елдің экс-президенті Пак Кын Хеге тағылған айыптармен келісіп (оның ішінде жемқорлық және өз қызметін асыра пайдалану бар) оны қамауға алуға шешім шығарды деп хабарлайды qamshy.kz Вести.ru-ға сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, 27-ші наурызда Пак Кын Хені қамауға алу туралы сауал прокуратураға жолданған.
Бұрынғы президенттің жақын құрбысы Цой Сун Сильге елдің саяси процессіне араласты және Кореяның ірі компанияларынан 70 миллион доллар көлемінде ақша жымқыру ісі бойынша айыптар тағылды.