100 жасар американдық зейнеткер зейнатақыда жүріп қатты зерігіп кеткен. Бұл мәселеге бейжай қарамаған оның бұрыңғы жұмыс берушісі оны 1 күнге жұмысқа шығуға шықырған. Бұл туралы «Қамшы» порталы Associated Press-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ол Hutchinson Plumbing, Heating and Cooling компаниясынан 3 жыл бұрын кетіп қалған. Бұл компания жылыту, құбырларды жөндеу істерімен айналысады. Зейнетақыда жүріп бос жүргенін сезіп, осыған көңілі толмаған зейнеткер өзінің бұрыңғы жұмысына қайта оралуды аңсап жүргендігін жеткізген. 32 жыл бойы зейнеткер өз ісінің маманы болған.
Билл Хансен 100 жасқа толған кезде ол жұмыс істеген компания басшысы оның тілегін орындады. Зейнеткерді жұмыс орнына шақырып, компания директоры өзі дайындаған тапсырмалар тізімін зейнеткер қолына тапсырған. Ал оның әріптестері зейнеткерді мерей тойымен құттықтаған. Істеген жұмысы үшін зейнеткерге – 1 доллар төленген.
100 жасар американдық зейнеткер өзінің жолы болғандығын айтады. «Менің өмірімде таңертең тұрып барғым келмейтін жұмыс болмапты» дейді.