Бүкіл әлемге танылған белгілі боксер Мұхамед Әлидің қызы Димаш Құдайбергеновтың жанкүйері деп кім ойлаған?!
Ләйлә Әли өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасының аватарына қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновтың суретін жүктеп қойған.

Танымал боксердің қызы Ләйлә Амария Әли бір сағатқа Димаштың суретін жүктеп, оған деген қызығушылығын білдіруде.
Сонымен қатар, Ләйлә Әли тамыз айында Астана қаласында өтетін 55-ші Әлемдік бокс кеңесіне кішкентай Флойд Мейвезермен бірге құрметті қонақ ретінде шақырылғаны белгілі болды.

Ләйлә Амария Әли – Мұхамед Әлидің үшінші әйелі Веоника Поршеден туған қызы, осы уақытқа еш жеңілмеген америкалық кәсіпқой боксер. Осы уақытқа дейін 24 кездесу өткізіп, барлығында жеңіп шыққан, оның 21 нокаутпен жеңген.
