Әлемдегі ең кішкентай қыздың кейпі халықты таң қалдырды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710001135657_small.jpg

Дәрігерлер Шарлотта Грейді алғаш көргенде таңқалысын жасырмады. Жаңадан дүние есігін ашқан қыз ергежейлілердің арасында өте сирек кездесетін түріне шалдыққан.Сарапшылар әлемде оған ұқсайтын 10 адам да жиналмайтынын айтады.

Дәрігерлер кішкентай қыздың болашағы жоқ деп ойлады. Алайда Шарлотта 5 жасқа толған туған күнін дүркіретіп өткізіп, бастауыш мектептің табалдырығын аттады. Оның бойы – 68 сантиметр. Ал салмағы 5 келіге жетпейді.

Шарлоттаның ата-анасы Скот пен Эмманың одан бөлек Хлоя, Сабрина, Софи есімді қыздары бар. Үш қызы да ешқандай патологиясыз туылған. Шарлоттаның әпкелері мен ата-анасы оған барынша қамқор болып жүр.

 

Қатысты Мақалалар