2001 жылы Америкада болған террактың бұрын-соңды жарияланбаған суреттері шықты (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710001705844_small.jpg

30 наурызда АҚШ-тың федералдық тергеу бюросы 2001 жылы 11 қыркүйекте болған теракттың белгісіз фото-суреттерін жариялады. Суреттер Вашингтонға жақын аймақтағы Пентагон ғимаратында орын алған шабуылдан соң бірнеше сағаттардан кейін түсірілген.

Кадрлардан терракттан кейінгі зардаптарды көре аламыз: Қорғаныс министрлігінің ғимаратындағы ойықтар, бұзылған ұшақтар, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, қауіпсіздік агенттері.

Еске сала кетейік, 2001 жылы 11 қыркүйекте жанкешті лаңкес жолаушылар үшағын American Airlines компаниясына бағыттап, нәтижесінде 184 адам қайтыс болған, оның 124-і қорғаныс министрлігінің қызметкерлері болса, 64-і жолаушылар мен кеме экипажының мүшелері.

Ал террористердің басқа тобы Нью-Йорктегі Халықарылқ сауда орталығына бағытталған.  Орын алған террактың жауапкершілігін «Аль-Каида» өз мойнына алды.

19 террористен бөлек, 2977 адам қайтыс болып, 24 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл оқиға зардап шегушілері көп ең үлкен терракт болып тарихта қалды.

Қатысты Мақалалар