30 наурыз күні Ұлттық экономика вице-министрі Әбілқасымова М.Е. ҚР Мәжіліс Парламенті Қаржы және бюджет комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асрыу тақырыбында өткізілген дөңгелек стөлінде баяндамасын жасады деп хабарлайды qamshy.kz.
Өзінің баяндамасында ҰЭМ өкілі депутаттардың көңілін «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мақсатында нәтижеге бағдарланған іс-шараларына аударды.
Әсіресе Әбілқасымова 2016 жылдан бастап Ұлт жоспарының 91- қадамы орындалуы барысында нәтижелердің дербес жауапкершілігін қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік органның бірінші басшысымен және Президент Әкімшілігінің Басшысы, Премьер-Министрмен министрлер және әкімдер арасында жасалған меморандумдарда бекітілген түйінді нысаналы индикаторлар енгізілгенін атап өтті.
2015 жылы 92- қадам аясында мемлекеттік бағдарламар саны 10-нан 8-ге дейін қысқарды, 5 үкіметтік бағдарлама бекітілді, жаңа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды әзірлеуге қойылатын талаптар күшейтілді.
Мемлекеттік органдар қызметін нәтижелерге бағыттау мақсатында стратегиялық жоспар, аумақтарды дамыту бағдарламасы және бюджеттік бағдарламасы қайта пішімделді, сондай-ақ Республикалық бюджеттік комиссияның жұмысы өзгертілді.
93 қадамға сәйкес Мемлекеттік аппараттың жұмысын бағалау жүйесінің жаңа моделін енгізу көзделген.
2017 жылдан бастап сыртқы тәуелсіз бағалау институты енгізілуде, оның ішінде мемлекеттік органдардың жұмысын бағалау үшін қоғамдық кеңестер мен тәуелсіз сарапшыларды тартуды, бағалау нәтижелерін интернет-порталында жариялау, бағалаудың 5 бағытын 3 блокка дейін оңтайландыру көрсетіледі.