Мақпалдың мақамды кеші музейде өтеді

/uploads/thumbnail/20170708154233987_small.jpg

Жұрт арасында "Мақпалдың мақамды жырлары" аталып кеткен кезекті әуезді кеш Республикалық кітап музейінде өтпек. Бұл туралы ақын Мақпал Жұмабай өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. "Иә, музей іші ескілеу, бірақ, оның әр экспонаты өте-өте құнды. Аурасы да бөлекше! Сол кітапты сіздер де көрсеңіздер екен деймін. Халқымыздың сан ғасырлық мұрасы - осы жерде. Бірге аралайық, тарихымызды бірге таниық!", - деп жазған ол сазды кешке келген тыңдармандарына сыйлық жасамақ. Келушілер кеш басталмас бұрын, бір сағат бойы музейді еркін аралап, тегін гид қызметін пайдалануға мүмкіндігі бар. Кештің уақыты 18 қыркүйек күні, бейсенбі, сағат 15.00. Өтетін орны: Республикалық кітап музейі. Қабанбай батыр, 94 үй, Қонаев көшесінің қиылысы. 

Кештің ерекшелігі еркін форматта, сценарийсіз өтеді, келіңіздер, кеш қонағы болыңыздар!

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар