ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақфильм» киностудиясына түріктің «Сүлеймен сұлтан» сериалы тәрізді тарихи киноэпопея түсіруді тапсырды. ҚазАқпараттың жазуынша бұл туралы кеше Алматыда «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің ашылуында қала әкімі Ахметжан Есімов айтқан.
Қазір осындай картинаны түсіретін талантты режиссерлер, сценаристер, актерлер өте көп және киностудияда барлық мүмкіндіктер бар екенін айтқан әкім: «Кеше мен Мемлекет басшысымен әңгімелестім. Әлемдік ауқымдағы жаңа дәуірлік ленталар жасау туралы әңгіме болды. Мысалға, Президент қазақстандықтардың «Сүлеймен сұлтан» түрік сериалын қызыға көретінін атап өтті. Ол «Қазақфильм» алдына Жәнібек пен Керей хандардан бастап, қазақ халқының тарихын баяндайтын осындай дәуірлік лента жасау міндетін қойды», - деген.
Естеріңізде болса Хабар арнасы Түркияның «Сұлтан Сүлеймен» атты тарихи теле сариялын көрермендерге ұсынған болатын.
Қамшы-ақпарат
