22 қыркүйек  Алматы метросында жол ақы 50% арзандайды

/uploads/thumbnail/20170708154327925_small.jpg

Бүкіләлемдік автомобильден бас тарту күнін атап өту мақсатында 22 қыркүйек күні Алматыдағы метрода жол жүру ақысы 50 пайызға арзандатылады. Бұл жайында Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Сонымен қатар, қаланың муниципалды автобустарында “электронды билет” жобасының іске қосылуына байланысты да бұл күні тариф 50 пайызға төмендетілмек. Айтулы күннің шарты бойынша, көлік иелерінің барлығы ерікті түрде автомобиль айдаудан бас тартып, велосипедке немесе қоғамдық көліктерге отыруы керек. Басты мақсат – қоршаған ортаның ластануын бір күнге болса да тоқтату. Ең алғаш “Көліктен бас тарту күні” 1997 жылы Англияда өткізілген. Араға бір жыл салып оған Франция қосылды. Ал, 2001 жылдан бастап бұл күнді әлемнің 35 елінде атап өтеді.

 Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар