Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ осы күзге жоспарланған Ресей президенті В. Путинді шақыртуын кейінге қалдырды, сондықтан саясаткердің мемлекеттік сапары 2015 жылғы күзге немесе одан кейінгі мерзімге шегеріледі. Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Вашингтон украиндық дағдарысқа орай Батыс пен Мәскеу арасындағы қатынастардың ушығуына байланысты Токиодан Путиннің сапарын кейінге ауыстыруды өтініпті. Жапония таяу уақытта ЕО мен АҚШ-тың ізімен Ресейге қарсы жаңа санкция енгізуі мүмкін. Абэ 2013 жылғы сәуірде Путинге Жапонияға келуін ұсынған. Тоғыз айдан кейін ресейлік СІМ басшысы Сергей Лавров шақыртудың қабылданғанын растаған екен.
Қамшы-ақпарат