Қытай ЕХРО-2017 көрмесін өткізуге көмектеседі

/uploads/thumbnail/20170708154447501_small.jpg

 Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты Комитеті төрағасының орынбасары Чжан Баовэн бастаған қытай делегациясымен кездесті. Кездесу барысында Қ.Тоқаев және Ч.Баовэн сауда-экономика, энергетика, гуманитарлық және қауіпсіздік салаларындағы екіжақты ынтамақтастықтың даму қарқынын атап өтті.Бұл туралы BNews.kz. жазды. 

Қытай тарапы Дүниежүзілік мамандандырылған ЕХРО-2017 көрмесін өткізуде 2010 жылы Шанхайда өткен осындай шараны ұйымдастырудағы тәжірибесімен Қазақстанмен бөлісуге әзірлігін білдірсе, өз кезегінде  Сенат төрағасы Қ.Тоқаев ҚХР-дың құрылғанына 65 жыл толуына орай қытайлық әріптестерін құттықтаған.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар